Англия, Уэльс және Шотландиядағы көптеген шектеулердің алынғаны миллиондаған адамдарға кино, мейрамхана, музей, спорт залдарына, бір-біріне қонаққа баруға, туыстарымен және жақындарымен құшақтасып көрісуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыған дейін карантиндік шектеулер, дос-жарандардың құшақтасып көрісуіне рұқсат бермеген еді. Енді Британия жұрты емен-жарқын өмірге оралғанын тойлауда.
Кристофер Белл жетекшілік ететін Шотландияның ұлттық жастар хоры қазір 30 адамға дейін жиналуға болатынын пайдаланып, Эдинбургте репетицияға жиналды.