• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Мамыр, 2021

Түркістан облысында карантин талаптары жеңілдетілді

150 рет
көрсетілді

Түркістан облысында карантин талаптары жеңілдетілді. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысынан белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында коронавирус пен пневмонияның таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын ұзарту туралы облыстық бас санитар дәрігердің жаңа қаулысына өзгерістер енгізілді:

Балалардың ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. Ойын алаңдары, жабық үй жайлардағы аттракциондар келетін адамдар саны ғимарат сыйымдылығының 30%-нан немесе 50 адамнан аспаған жағдайда сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Спорттық іс-шаралар келушілер саны ғимарат сыйымдылығын 20%-нан аспаса, бильярд, боулинг және компьютерлік клубтардың (толтырылуы 30% артық емес) жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Жұмыс уақыттарына шектеу қойылған азық-түлік гипермаркеттер, супермаркеттер, шағын маркеттер, үй жанындағы дүкендер, моншалармен сауналар, ашық ауадағы аттракциондар, бизнес-орталықтардың (адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.), халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдардар (қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.) қалыпты жағдайда жұмыс істейтін болады.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін ұзартылды. Мейрамханалардың банкет залдарында ас беруге рұқсат етілді. Дегенмен толтыруылуы 50%-ға дейін, 50 орындықтан аспау қажет.

Бұған дейін мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері 50% жұмыс істесе енді 30%-ы қашықтан істейді.