• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Мамыр, 2021

Елімізде балаларға арналған спорт кешендері жеткіліксіз

457 рет
көрсетілді

Балаларға арналған қосымша спорт мекемелері жеткіліксіз. Бұл туралы  ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біріншіден, балалардың басым көпшілігі мектептің жағдайындағы спортпен айналысады. Қазақстандағы 3,4 млн оқушы үшін аптасына үш сағаттық дене шынықтыру сабағы қолжетімді, яғни балалардың денсаулығын ескере отырып, үш сағатты қамтыдық. Екіншіден, спортпен секцияларда айналысу мәселесіне тоқталсақ, балалалар және жасөспірімдердің спорт мектептерінің саны жеткіліксіз екенін атап өтті. Сондықтан 965 мың бала мектептің жанындағы спорт секциясына барады. Өйткені оларға қосымша білім (спорт) мекемелері қолжетімді емес. Осы орайда басым жұмысты мектептегі дене шынықтыру мұғалімдері жүргізіп жатыр», - деді Ш. Каринова Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырсында. Оның айтуынша, мектептердің ішіндегі спорт секцияларының саны 45 мыңнан асады. «Ал нақты спорт мекемелеріне тоқталсақ, олардың саны - 435. Ол жерде 346 мыңнан астам ғана бала қамтылған. Бұл өз кезегінде жеткіліксіз»,  деді вице-министр.