• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Мамыр, 2021

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін цифрлық сауаттылық курсы өтеді

315 рет
көрсетілді

«Жайна Астана» қоғамдық бірлестігі санитарлық нормаларды ескере отырып, I, II, III топтағы мүгедектерді, жеке көмекшілерді, мүгедек балалары бар ата-аналарды цифрлық сауаттылық бойынша тегін окыту курстарына шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік корғау басқармасының көмегімен курстар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өтеді.

Сабақтар осы жылдың 4 мамырынан 30 қарашасына дейін төмендегі бағдарлама бойынша жүргізіледі:

1. Негізі компьютерді пайдалану;2. EGOV электрондық үкімет порталын оқыту;3.Әлеуметтік қызметтер порталы;4. ZOOM;5. WhatsApp пайдалану;6. Банк қосымшалары;7. ЭЦҚ кілтін алу.

Айта кету керек, курстар санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі. 

Мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-701-212-09-55; 8-775-545-15-39; 8-747-455-44-95.