Көкшетау қаласында бір жылдан аса уақыт алкоголь өнімдерін шығарып келген жасырын цех анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомствоның мәліметінше, 16 мамырда Ақмола облысының ПД Жедел криминалды полиция басқармасының қызметкерлеріне Көкшетау қаласындағы Хасенов базары аумағында ер адамның алкоголь өнімдерін заңсыз сатумен айналысатыны туралы жасырын ақпарат түскен.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында 17 мамыр күні сағат 09:00-де Көкшетау қаласының «Боровской» шағынауданы Хасенов базары аумағындағы гараждардың бірінің жер төлесінде алкогольдік өнімдерді құюмен айналысып жүрген Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны ұсталды», деді ведомстводан.
Анықталғандай, жасырын цехтан 600 литр сұйықтық, 300 литр арақ және 300 литр таза спирт тәркіленді. Ер адам бұл іспен бір жылдан астам уақыт айналысып келген.
Іс материалдары Көкшетау қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.