«Құрметті музей ісінің мамандары!
Сіздерді 18 мамыр Халықаралық музей күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Музей – кешегі тарихты бүгінгі күнмен байланыстырып, оны кейінгі ұрпаққа ұлықтайтын, сынаптай сырғыған уақытты пайдалы өткізуге, таным көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік беретін əмбебеп орталық. Əр музей өз алдына бояуы қанық, айтар ойы анық өзгеше бір əлем.
Бар ғылымның жетістігін баяндайтын жəне тарих тағлымымен таныстыратын мəдени орда ұрпақ жалғастығы мен əлем халықтарын әріптестікке бастайтын алтын көпір атанып үлгерді. Осы орайда музейлер туризммен біте қайнасып, демалыстың ажырамас бөлігіне айналғаны бұл саланың қызметін жаңа бағытта жалғастыруға жол ашады.
Бүгінгі орайлы сəтті пайдалана отырып, қордағы материалдарды тіркейтін, экспонаттарды сақтау мен оларды халыққа таныстыруға дейінгі көзге көрінбейтін жұмыстың бəрін істейтін сала қызметкерлерінің ұшан-теңіз еңбегіне алғыс айтамын.
Алдағы уақытта да бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін жинақы түрде ұсынатын, жинақталған мұраны ғылыми айналымға енгізетін институттың қызметі жанданып, келушілерінің қатары қалың болсын!», деп жазылған құттықтау хатында.