• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Мамыр, 2021

Садақшылар Лозаннада шеберлік байқасуда

213 рет
көрсетілді

Бұл күндері Швейцарияның Лозанна қаласында садақ атудан әлем кубогының кезеңдік сайысы өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

23 мамырға дейін созылатын дүбірлі додада Қазақсанның туы астында жеті спортшы бақ сынауда. Солардың біразы жарыс жолына шығып та үлгерді. Өкінішке қарай, алғашқы күні мергендеріміз мүлт кетті. Жерлестеріміздің арасынан ең үздік көрсеткішке Денис Ганкин қол жеткізді. Ол 21 орынды иеленді. Ал Санжар Мұсаев (51 орын), Ильфат Абуллин (58 орын) және Сұлтан Дүзелбаевтің (73 орын) көрсеткіштері одан да нашар болды. Жоғарыда есімдері аталған мергендермен қатар, Лозаннадағы додада Анастасия Баннова, Алина Ілиясова және Фарида Түкебаева сынды бұрымдыларымыз өнер көрсетуде.

Естеріңізге сала кетейік, ерлер мен әйелдерді қоса алғанда садақ атудан Олимпия ойындарында бар-жоғы 36 спортшы ғана бақ сынайды. Олар бес жүлде жиынтығы ғана сарапқа салынады.