• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Мамыр, 2021

Филиппинде вакцинаны таңдауға тыйым салынды

242 рет
көрсетілді

Филиппин президенті Родриго Дутерте ел тұрғындарына коронавирусқа қарсы вакцинаны таңдауға тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барлық вакцина тиімді. Ешқандай кемсіту болмайды. Вакцинаны таңдай алмайсыз, себебі бәрі бірдей»,  деді Филиппин президенті.  

Ел президентінің айтуынша, халықта вакцинаны таңдау құқығы жоқ, ешкім нақты қандай вакцина салдырғысы келетінін айтпауы керек.

Филиппин халқының көбі Pfizer және Moderna вакцинасын күтіп жүр. Президент үкімет ешкімді әлеуметтік статусына байланысты бөлмейтінін, бұл мәселеде бәрін бірдей қарайтынын айтты. 

Айта кетейік, Филиппинде Moderna және ресейлік «Спутник V», сондай-ақ Pfizer, AstraZeneca, қытайлық Sinovac, үндістандық Bharat Biotech және Janssen вакцинасын қолдануға рұқсат берілген.