Бұл күндері Швейцарияның Лозанна қаласында садақ атудан әлем кубогының кезеңдік сайысы өтіп жатқаны белгілі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жарыстың екінші күні әйелдер сайысы өтті. Өкінішке қарай, біздің бұрымдылдар өрелі өнерімен өз жанкүйерлерін қуанта алмады. Бұл сайыста Алина Ілиясова – 37, Фарида Түкебаева – 40 және Анастасия Баннова – 42 орындарды иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы жарыс күні ерлердің бәсекелерін тамашалаған едік. Жерлестеріміздің арасынан ең үздік көрсеткішке Денис Ганкин қол жеткізді. Ол 21 орынды иеленді. Ал Санжар Мұсаев (51 орын), Ильфат Абуллин (58 орын) және Сұлтан Дүзелбаевтің (73 орын) көрсеткіштері одан да нашар болды.