• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Мамыр, 2021

Алматыда оқушы қызды сабап кеткен әйелдердің бірі ұсталды

744 рет
көрсетілді

Алматы облысы Боралдай кентінде кәмелетке толмаған оқушы қызды ұрып-соққандардың бірі ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске сала кетейік, 13 мамырда Алматы облысы Боралдай кентіндегі аялдамада екі әйел 16 жастағы қызды ұрып-соққан. Жасөспірім алған жарақаттарына байланысты Алматы қаласындағы балалар ауруханасына жеткізілді.

Осы орайда қылмысты ашу үшін жедел-тергеу тобы құрылып, полицейлер күдіктілерді Алматыдан Боралдай ауылына жеткізген такси жүргізушісін қолға түсірді. Тәртіп сақшылары 25 пен 40 жас аралығындағы әйелдерді ұқсас белгілері бойынша тексеріп шыққан.

«19 мамырда Алматыда өткізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол дәлелдер ұсынылғаннан кейін өз кінәсін мойындады. Оқиғаның екінші қатысушысы, Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылының 30 жастағы тұрғыны екені анықталды. Оны ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр», деді департамент өкілдері.