• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Мамыр, 2021

Қостанайда Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті

137 рет
көрсетілді

«Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы жанынан Ұлт денсаулығы мәселелеріжөніндегі қоғамдық кеңес құрылып, бүгін алғашқыотырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеңестің негізгі мақсаты алдағы 5 жыл ішінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістержолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты облыстықсайлауалды бағдарламасын іске асыру үшіндайындалған Жол картасындағы негізгікөрсеткіштердің орындалуыа бақылау болыптабылады.

Жиынға қатысушыларды кеңес құрамыменпартияның облыстық филиал төрағасыныңорынбасары Жанар Құйшынова таныстырды. Кеңестөрайымы болып «Nur Otan» партиясы Саясикеңесінің мүшесі, денсаулық сақтау саласындағыөзекті мәселелерді жақсы білетін тәжірибелі маманТатьяна Булгацевич бекітілді.

Кеңес отырысында облыстық денсаулықбасқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанова облыстық сайлауалды бағдарламасыніске асырудың  Жол картасы аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. А.Бексұлтанованың сөзінше, алдағы бес жылда өңірде денсаулықсақтау сапасын күшейтуге ерекше көңіл бөлінбек. Баяндамашы биыл облыстық бюджеттенмедициналық жабдық сатып алуға қомақты қаражатбөлінгенін, енді медицина мекемелерініңматериалдық техникалық базасы жаңартылып, «кешенді медициналық ақпараттық жүйе» енгізілетінін айтты.

- Партияның басты мақсаты – азаматтардыңденсаулығы мен өмір сапасын жақсарту болыптабылады. Халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру – Елбасы саясатының басым бағыттарының бірі. Осы ретте 4 ірі ауруханада, атап айтар болсақ, облыстық ауруханада, Қостанай және Рудный қалалық ауруханаларында, сондай-ақ, Тобылқаласындағы фтизиопульмонологиялық орталықта орталықтандырылған оттегі желісі орнатылды. Сондай-ақ, заманауи жоғары ағынды оксигенация құралдары сатып алынды. Рудный қалалықауруханасында МРТ аппараты пайда болды. Мұның сыртында, 111 жедел жәрдем көлігі мен 50  жеделжәрдем қызметіне арналған реанимациялық көлік, 10 жылжымалы медициналық кешен сатыпалынды. 181 желдеткіш және 17 отандық сандық рентген жүйесі, 5 компьютерлік томограф, 23 ультрадыбыстық сканер, 7 қондырғы, су тазартатын гемодиализ аппараттары, 717 оттегіконцентратысатып алынды, - деді Анжела Бексұлтанова.

Отырыс барысында кеңестің 2021 жылғаарналғын жұмыс жоспары бекітіліп, кеңес мүшелерінің ұсыныстары қабылданды.

Қостанай облысы