• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Мамыр, 2021

NASDAQ 100 АІХ-те орналастырылды

388 рет
көрсетілді

Astana International Exchange биржасы жергілікті бөлшек сауда инвесторларының АҚШ технологиялық компанияларының NASDAQ 100 индексіне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа биржалық нота («ETN») листингі өткені туралы хабарлайды.

iX NASDAQ 100 Equities бир­жа­лық нотасы NASDAQ 100 ин­декс­іне енгізілген Apple, Microsoft, Google, Amazon, Tesla және тағы басқа әлемдік техно­ло­гия­лық компаниялардың ак­циялары­на инвестициялаудың шығыны аз, салық салыну деңгейі төмен нұсқасы саналады.

«AIX қазақстандық бөлшек сау­да инвесторларына арнап, түрлі активтердің индекстері мен нысандарына инвестициялай алуы үшін бағалы қағаздар ассор­ти­ментін ұлғайтуын жалғастыруда. ETN орналастыру арқылы биржа жергілікті бөлшек сауда инвес­торл­арының қорын дамыту бо­йынша өз міндеттемелерін орындайды», деді AIX басқармасының төрағасы Тим Беннетт.

Биржалық ноталар инвес­тор­ларға түрлі нарықтық негізгі көрсеткіштердің кірістілігіне жол ашады.   iX NASDAQ 100 Equities биржалық нотасы Invesco QQQ Shares биржа қоры­ның көрсеткіштеріне байланыс­тырылған.

«Райффайзенбанк» активтер­дің сақталуын қамтамасыз ететін банк-депозитарий ретінде, сон­дай-ақ CROWE Kazakhstan ком­па­ниясы аудиторлық компания ретінде белгіленді.

AIX биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері саналады. Биржа ағылшын құ­қығының қағидаларына негіз­делген нормативтік орта шең­берінде жұмыс істейді, осы ар­қылы инвестициялық қызметті жү­ргізудің сенімді шарттарын қам­тамасыз етеді.