• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Мамыр, 2021

Италияда екі жанартау атқылады

866 рет
көрсетілді

19 мамыр күні Италияда Стромболи мен Этна жанатрауы атқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желілерде Стромболи жанартауының үстіндегі қара түтін түсірілген фото мен видеолар жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, жанартау атқылаған кезде күл, құм және басқа да жанартау материалдары шашылған. Сонымен қатар Стромболидің батыс беткейінде кратерден лава қатты төгіле бастады. Онда шамамен 600 метр биіктікте лава теңізге жететіндей «от ағыны» деп аталатын ойық бар.

Стромболи жанартауы соңғы күндері белсенді түрде атқылай бастады. Аралдағы жағдайды Италияның ұлттық геофизика және вулканология институтының (Ingv) мамандары, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс қызметінің қызметкерлері мұқият қадағалайды.

Жанартаудың атқылауынан ешкім зардап шеккен жоқ және заттар бүлінбеген. Қазір Стромболи аралында 400-ге жуық адам бар, бірақ жазда туристік маусымда адам саны 3 мыңға дейін артады.