• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Мамыр, 2021

«Ashyq»: Елорда тұрғыны әуежайда төбелес шығарды

686 рет
көрсетілді

Елордада белгісіз біреу Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының қызметкеріне шабуыл жасап, жол талғамайтын көлікке мініп қашып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 19 мамыр күні болған. Тәртіп бұзған адам әуежай ғимаратына «Ashyq» жүйесі арқылы кіруден бас тартқан. Әуежайға ол жолаушыны күтіп алу үшін келген.

«Ол «Ashyq» арқылы тексеруден өтпестен ғимаратқа кіргісі келді. Бірақ оны авиациялық қауіпсіздік қызметкері тоқтатты. Ер адам маска тақпаған және қызметкерге қол көтерген. Кейін ол қымбат жол талғамайтын көлігіне отырып қашып кетті. Әуежай қызметкерлері желілік полиция бөліміне арыз түсірді. Көп ұзамай тәртіп бұзушы табылды»,  деді әуежай баспасөз қызметінің өкілі Әнуар Шалекенов.

Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны айтылды.

Әуежай баспасөз қызметі күтіп алушыларға, шығарып салушыларға және барлық жолаушыға ғимаратқа кіру тек «Ashyq» қосымшасы арқылы жүзеге асырылатынын ескертті.