Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова «Шетелде вакцина алған адамға Қазақстанда вакциналау паспорты беріле ме?» деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Егер Қазақстаннан басқа елде екпе алсаңыз, вакциналау паспортын сол елден басқа жерден ала алмайсыз», деп жауап берді Әлия Рүстемова.
Басқарма өкілінің айтуынша, ол вакциналау паспорты медициналық ұйымдардағы ақпараттық жүйелермен біріктірілген eGov мобильді қосымшасында жасалатынын еске салды.
«Науқас вакцина аулға келген сәттен бастап екінші компонетті салғызған кезге дейінгі әрекеттің бәрі ақпараттық жүйеге енгізіліп, автоматты түрде eGov-та вакциналау паспорты қалыптасады. Онда вакцинаны алған медициналық ұйым, дәрігердің деректері, серияға дейін және қандай вакцина алынғаны нақты жазылған. Сондықтан шетелде вакцина алғандардың Қазақстанда төлқұжат алуы мүмкін емес», деп түсіндірді Әлия Рүстемова.