Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға ресми сапары аясында тәжік мемлекетінің негізін қалаған Исмоил Сомонидің «Ұлттық келісім және Тәжікстанның қайта өрлеуі» мемориалды кешенінде орналасқан ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс-шарадан кейін «Навруз» сарайында Қазақстан Президентінің құрметіне Тәжікстан Президентінің атынан ресми қабылдау өтті.