• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Экология 21 Мамыр, 2021

Бүгін елордада ауа сапасы нашарлайды

81 рет
көрсетілді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2021 жылғы 21 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады» делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.

Басқа қалаларда метеорологиялық ахуал бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.