• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Мамыр, 2021

Алматы облысында жасөспірім құдыққа құлап кетті

318 рет
көрсетілді

Алматы облысы Бесағаш кентінде жасөспірім құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Видеодан жергілікті тұрғындардың ашық қалған құдық пен жолдарға шағымданғанын естуге болады.

«Бесағаш кентінде бала ашық тұрған құдыққа құлап кетті. Қуанышқа қарай зардап шекпеген. Сондай-ақ ауылда жақында құбырлар төселгендіктен жолдар жөнделмеген. Көліктер жиі бұзылып қалады», делінген жазба сипаттамасында.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ашық қалған құдық Бесағаш ауылы Айманов көшесінде екенін айтты.

«Мердігер ұйым жаңа су құбырларын төсеу жұмыстары кезінде құдық орнатқан. Мердігер ұйыммен су құбыры желілерін тарту бойынша жұмыстар аяқталған жоқ. Нысан әлі пайдалануға берілмеген. Ертең құдықтарды жабу жұмыстары жоспарланған», деді әкімдік өкілі.