Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Румынияның елшісі Чезар-Маноле Армянумен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
М.Тілеуберді қазақстандық-румын ынтымақтастығының қол жеткізілген деңгейін жоғары бағалап, Қазақстанның екіжақты негізде де, халықаралық аренада да өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ниетін білдірді.
Румын елшісіне Қазақстан мен Румыния арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы берілді.
Румынияның елшісі Қазақстандағы миссиясы барысында тұрақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.