• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Мамыр, 2021

Ұландықтар балаларды мас бұзақылардан қорғап қалды

356 рет
көрсетілді

20 мамырда Шымкент қаласының көшелерінде қызмет атқару барысында Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімнің жауынгерлеріне балалар жақындап, өтініш білдірді. Олар ойын алаңында екі белгісіз азамат мас күйінде бір бірін балағаттап жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Өтініш бойынша әскери жасақ бастығы қатардағы Дінмұхаммед Әбдірахым және патрульшілер қатардағы Батырхан Сәркеев пен Жандос Мұса тез арада айтқан жерге барды.

– Бізге екі бала келіп, ойын алаңында екі мас азамат өздерінің әрекеттерімен оларға ойнауға кедергі жасап жатқанын айтты. Келген бетте біз екі ер адамды байқадық. Олар балалардың көзінше балағат сөздер айтып, бір біріне шүйлікті. Ұрысты тоқтату туралы ұсынымызға керісінше қарсы шығып, тіпті, біреуі әскери жасақты балағаттап, қол ала жөнелді. Бізге күш қолдануға тура келіп, жекпе-жек ұрысы арқылы бұзақыларды сабасына келтірдік, – дейді Дінмұхаммед Әбдірахым.

Қолға түскен азаматтар мән-жайды анықтау үшін Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жеткізілді.