• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Мамыр, 2021

Атырау облысында шектеу шаралары күшейтілді

316 рет
көрсетілді

Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мәдениет Танауов карантиндік шектеу шараларын кұшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды.

«Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін» делінген қаулыда.

Жаңа қаулыға сәйкес, көпшілік іс-шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынып отыр.

«Аshyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, жабық үй-жайдағы, соның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі балалар ойын-сауық орталықтары мен аттракциондардың, ойын алаңдарының (ауладағыларды қоспағанда), түнгі клубтардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, бильярд, боулингтердің, букмекерлік кеңселердің, «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда мәдени объектілердің, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың қызметіне, «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда көрермендері бар спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын» делінген қаулыда.

Жаңа қаулы 24 мамырда сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.