• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Мамыр, 2021

Каспий жағалауындағы батпақ өрт сөндіруді қиындатты

677 рет
көрсетілді

Каспий теңізінің жағалауында өртенген қамыс әлі жанып жатыр. Өрт сөндірушілер үш күннен бері қамыс өртін сөндіре алар емес, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, теңіз жағалауы батпақты әрі мұнда өсімдіктер тым биік өскен. Бұл қамыс өртін сөндіруді қиындатып тұр.

«Қамыс өртін сөндіруге Атырау қалалық өрт сөндіру бөлімшелерінен 7 арнайы автотехника жұмылдырылды. Ал, 35 қызметкер өрт ошақтарын аспалы өрт сөндіргіштер мен мотопомпалардың көмегімен сөндіруде. Теңіз жағалауындағы қамыс өртіне жерден және әуеден барлау арқылы мониторинг жүргізілуде. Жағалаудан үздіксіз байланыс орнату үшін өрт болған аумақта штаб орналастырылды. Өрттің себебі мен ауданы анықталып жатыр» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.