• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Мамыр, 2021

Ресейдің Таганрог қаласы маңында қаза тапқандардың саны 11-ге жетті

1003 рет
көрсетілді

Кеше Ростов облысы Неклиновский ауданы Дмитриадовка ауылында тазарту құрылғыларында жұмыс жүргізу барысында жеті жұмыскер қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ал бүгін Таганрог маңындағы ағынды суларды тазарту кезіндегі төтенше жағдайда жарақат алған тағы бір адам ауруханада қайтыс болды.

Қазіргі уақытта оқиға құрбандарының жалпы саны - 11. 

«Тағы бесеуі Таганрог ауруханасына жеткізілді. Бір адам ауруханада қайтыс болды», деді агенттіктің сұхбатшысы.

Қала әкімшілігінің мәліметінше, реанимацияда төрт адам бар. Әкімшілік өкілі пациенттердің өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты.