• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Футбол 23 Мамыр, 2021

«Астана» - «Қайрат» арасындағы ойынды стадионнан көруге болады

199 рет
көрсетілді

Бүгін cағат 21.00-де орталық турдың басты ойыны «Астана» - «Қайрат» клубтары арасында кездесу өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz «Астана» ФК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласы бас санитарлық дәрігерінің шешімімен Қазақстан чемпионаты ойынына стадион сыйымдылығы 20% аспайтын көрермендердің болуына рұқсат етілді. Стадионға ASHYQ қосымшасы арқылы кіре аласыз. Оны стадионға келмес бұрын, телефоныңызға алдын ала жүктеп алу қажет. Авторизациядан өтіп алсаңыз, Сізге тек QR кодты сканерлеу ғана қалады», делінген хабарламада.