• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Мамыр, 2021

Балалар лагері дайындыққа кірісті

627 рет
көрсетілді

Қостанай облысында биыл жазда балаларға арналған 10 демалыс орны ашылады. Қазірдің өзінде 4 сауықтыру лагері жұмыс істеуге рұқсат алып үлгерді. Өңірде эпидемиялық жағдай тұрақты болып тұрса, қала сыртында орналасқан басқа демалыс орындары да жұмысқа кірісетін болады. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, бірінші ауысымдағы жазғы лагерьлер маусым айынан бастап жұмыс істей бастайды.

– Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға дайындық  жұмыстары жү­ріп жатыр. Облыста қала сыртына орналасқан 10 шақ­ты балалар лагері бар. Олар қазір демалыс орнының аумағын тазар­тып, маңайындағы су қой­маларының жағалау­ларын жөнге келтіруде. Қазір ба­лалардың жазғы демалы­сын ұйымдастыратын ме­ке­ме­лердің бәрі мем­лекет­тік сатып алуға қаты­сып, санитарлық-эпи­демиялық­ рұқсат алу жұмыс­та­рын жүр­гізіп жатыр, – деді об­лыстық білім бас­қарма­сы­ның баспасөз хатшысы Анна Лазарева. 

Түптеп келгенде, ба­лаларға арналған сауық­тыру лагерьлерінің жұмыс істеу, істемеуі өңірдегі эпи­­­демиялық жағдайға бай­ланысты болайын деп тұр. Нақты қай демалыс орнының қалай жұмыс істейтінін өңірлік жедел штаб шешеді. А.Ла­за­рева­ның сөзінше, алдағы ай­да интернат ме­кемелері мен ерекше білім беру қа­жеттілігі бар балалар үшін 4 демалыс орны ашылады. Бұлар – «Алтынгүл», «Лесная сказка», «Болашақ» және Бәкіров атындағы лагерьлер. Бұл сауықтыру орындарында бір ауысым­ның өзінде 640-тан астам бала демалатын болады.

Ал қатардағы мектеп оқушы­лары қалған 6 лагерьде демалады. Бірақ олар жұмысқа кіріспес бұ­рын белгілі бір талаптар­ды орындауы шарт. Мы­са­лы, мұндай демалыс орын­дарының бі­ріне шамамен екі жүздей бала сыятын болса, лагерь мекемесі соның жартысын ғана қабылдауы тиіс. Сондай-ақ лагерьге жазғы демалысын өткізу үшін келген әр баланың денсаулық жағдайы туралы құжаты, жұқпалы ауруы барлармен, соның ішінде COVID-19 жұқтырғандармен байланыста болмағанын растайтын анық­тамасы болуы керек. Ең бастысы, жаз­ғы лагерьде демалғысы ке­летін балғындарда зертха­надан «талдау нәтижесі ко­ронавирусқа теріс нәти­же көрсетті» деген зерт­ха­налық құжаты болуы шарт. Бұл құжаттың мерзімі 72 са­ғат­тан асып кетсе, жарамсыз болып қалады. 

Ал мектеп жанындағы дема­лыс орындарының биыл жұ­мыс істеу-істемеуі екіталай.  Бі­лім бас­қар­масындағылар бұл­ мәсе­ленің таяу күндері шеші­летінін айтты.