Петропавл қаласында 17 жастағы қызды жаяу жүргіншілер жолында көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ПД сілтеме жасап.
«Lada 21154» маркалы көліктің 63 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған қала тұрғынын қағып кеткен. Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді. Кейіннен медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бойжеткен үйіне жіберілді. Алынған медициналық қорытындыға сәйкес, жүргізуші мас болмаған. Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Іс процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавлдың әкімшілік полиция бөлімшесіне берілді. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды», деп хабарлады баспасөз қызметі.