• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Футбол 24 Мамыр, 2021

Солтүстік Македония мен Мальтаға қарсы ойнайтын ұлттық құрама футболшылары анықталды

321 рет
көрсетілді

Бас бапкер Талғат Байсуфинов маусым айында өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың тізімін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Қақпашылар: Дмитрий Непогодов («Астана»), Стас Покатилов («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Руслан Валиуллин (барлығы – «Тобыл»), Олжас Керімжанов («Тұран»), Еркін Тапалов («Ақжайық»), Мақсат Тәйкенов («Каспий»), Әлібек Қасым, Нұрлан Дайыров (екеуі де – «Қызыл-Жар»), Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп (екеуі де – «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (екеуі де – «Астана»), Асхат Тағыберген, Серікжан Мужиков, Азат Нұрғалиев (барлығы – «Тобыл»), Владислав Васильев («Энергетик-БГУ», Беларусь), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Бауыржан Байтана («Тараз»);

Шабуылшылар: Роман Мұртазаев («Астана»), Таңат Нөсербаев («Тұран»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Алексей Щеткин («Ротор», Ресей).

ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАМ:

Қақпашылар: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Тимур Рудосельский («Қайсар»), Карам Сұлтанов, Михаил Габышев (екеуі де – «Шахтер»);

Жартылай қорғаушылар: Максим Федин («Ақтөбе»), Рамазан Оразов («Чайка», Ресей);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»).

Бапкерлер штабы:

Талғат Байсуфинов – бас бапкер, Игорь Свечников – бас бапкердің көмекшісі, Сергей Калюбин – бас бапкердің көмекшісі, Марат Еслямов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Павел Черепанов – сарапшы, Нұрлан Битүгілов – дәрігер, Евгений Карнаухов – массажист, Алексей Гудзев – массажист, Дмитрий Николаев – массажист, Владимир Фрайнд – бейнесарапшы, Ермұхамед Мәулен – медиа-офицер, Ербол Қайыров – медиа-офицер, Саясат Дюсембиев – бейнеоператор, Азамат Кенжеғұлов – кит-менеджер, Максим Шауберт – администратор, Төлеухан Көлдіков – матч-менеджер.

Қазақстан құрамасы 4 маусымда Тоше Проески атындағы стадионында Солтүстік Македония құрамасымен кездеседі. 7 маусымда Аустрияның Вольфсберг қаласында Мальта командасымен күш сынасады.