• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Мамыр, 2021

Astana LRT ісі: Сот қандай үкім шығарды?

375 рет
көрсетілді

Атышулы Astana LRT ісі бойынша сот үкімі 28 мамыр күні шығады. Нұр-Сұлтан қаласының мамандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Қажымұқан Мекемтас бүгін айыпталушыларға соттағы соңғы сөзін айтуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Онлайн отырыста Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы Жанат Нұрпейісов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рәшид Аманжолов, «Astana Innovation»  АҚ экс-басқарма төрағасы Талғат Әшім, «Нұр-Трейд» серіктестігінің бұрынғы директоры Улугбек Ачилов және мердігер компанияның басшысы Тимур Қасабаев сөз алды.

Сонымен бірге, серіктес компаниялардың қызметкерлері Дулат Мусенов және Дәурен Әбдіхамитов та соңғы сөзін айты. Ешқайсысы тағылған айыптар бойынша кінәсын мойындамады.

Естеріңізге салсақ, сотқа жеті адам тартылған. Оларға жеңіл рельсті көлік желісін жобалау кезінде 5,8 миллиард теңгені жымқыруға септесті, немесе сеніп тапсырылған қаржыны бейберекет жұмсады деген айып тағылып отыр.

Бұған дейін прокурор кей айыпталушыны 7, ал өзгелерін 11 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған.

Ал, қаржыны жымқырудың жүйесін құрған Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан және елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков халықаралық іздеуде.