Елордалық өрт сөндірушілер терек мамығы жануынан шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін, 25 мамырда сағат 14.06-да Д.Қонаев көшесінде терек мамығы жанып жатқаны анықталды, ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері бірден шақырту орнына аттанды.
«Өрт сөндірушілер сағат 14.13-те келген бойда шамамен 250 шаршы метр аумақта терек мамығы жанып жатқанын анықтады. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 10 адам, 2 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 14.29-да сөндірілді», делінген хабарламада.