Атырау қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Worldskills Atyrau-2021» чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ербол Хамзиннің айтуынша, мақсат – жұмысшы мәртебесін арттыру. Кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту.
«Чемпионатқа 19 колледжде білім алатын 170-ке жуық студент қатысады. Олар 33 құзыреттілік бойынша бақ сынайды. Үздіктер республикалық жарысқа қаттысады. Республикалық додада кем дегенде 3 алтын алуды жоспарлап отырмыз», дейді Ербол Хамзин.