Қытайда ұлттық валюта құны жоғарылап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Бірақ билік бұл көрсеткішті тоқтатуға тырысып әлек. Себебі доллар құнының төмендеуі елдегі экспорттаушылар үшін тиімсіз. Қазір юань құны үш жылдағы көрсеткіштен асып кеткен. Бұған елдегі экономиканың пандемиядан кейін қарқынды жандануы себеп болуы мүмкін. Акциялар нарығына сырттан түсіп жатқан қаражат көбейді. Жергілікті билік ұлттық криптовалютасын да дереу қолданысқа енгізбек. Қазір банктер ғана емес, қарапайым қолданушылар да сандық ақшаны барынша сынап көріп жатыр. Әр қолданушыға 200 киберюань таратылған.