Семей көші-қон қызметінің өкілдері қос азаматтығы бар 64 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ол Ресей Федерациясының азаматы бола тұра, мемлекеттік шекарадан өткен кезде Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін пайдаланған. Оның куәлігі тәркіленіп, ҚР азаматтығынан айырдық», деп мәлімдеді ШҚО полиция департаменті.
Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ресейлік азаматқа әкімшілік тәртіппен 100 АЕК айыппұл салынып, ҚР аумағынан шығарылды.
Еске сала кетейік, Қазақстанда қос азаматтыққа жол берілмейді, яғни шетел азаматы бір мезгілде Қазақстан азаматы бола алмайды.