• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Мамыр, 2021

Зайсанда малдың қырылу себебі анықталуда

734 рет
көрсетілді

Зайсан ауданы, Шілікті ауылдық округінде төрт түліктің түсініксіз себептерден өліп жатыр. Қазіргі таңда аудандық ветеринарлық инспекция және аудандық мал дәрігерлік кәсіпорынының мамандары аурудың алдын алу, емдеу шараларын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аудан басшылығының хабарлауынша, қазір жағдай тұрақталды. Алайда, аурудың нақты себебін анықтау үшін ауданға республикалық және облыстық комиссия келіп, жұмыс жүргізуде. Нақтырақ айтсақ, комиссия құрамында республикалық эпизотияға қарсы мемлекеттік мекемесінің директоры С.Абдулкаликов, Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің биологиялық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы М.Ахметов, Ұлттық референттік орталығының маманы Б. Кентбаев және облыстық ветеринарлық инспекциясының биологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Н. Әділбеков жұмыс істеп жатыр.

Комиссия ауру шыққан елді мекендердегі әр үйді аралап, жағдаймен танысып, малдан сынама алды. Оны республикалық сараптама орталықтарына жібереді. Мал шығынына байланысты мал ауруының себептері тез арада анықталып, қосымша  шаралар қобылданады.

Бұған дейін де ауру малдан күдікті деген ауру түрлеріне сынамалар алынып, зертханаларға жіберілген. Бірақ, қортындысы теріс нәтиже көрсетті.

Аудан әкімі Серік Зайнулдин арнайы комиссиямен бірге Шіліктіге барып, тұрғындардан комиссия қортындысын күтулерін сұрады.