• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Мамыр, 2021

Киевте қандастардың құрылтайы өтіп жатыр

388 рет
көрсетілді

Украина астанасы Киев қаласында сол елде тұратын қандастардың құрылтайы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Украинадағы Елшілігі мен қазақ диаспорасы бірлесіп ұйымдастырған Украинада тұратын қазақтардың құрылтайы алғаш рет өтіп отыр.

Аталған шарада ҚР Украинадағы Елшісі Дархан Қалетаев құттықтау сөз сөйлеп, атажұрттың ыстық сәлемін жеткізді. Сондай-ақ құрылтай отырысына Украинаның этносаяси және ар-ождан бостандығы жөніндегі мемлекеттік қызмет төрағасы Елена Богдан, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректоры Ерлан Сыдықов және Украина Жоғарғы Радасының халық депутаты, Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топтың мүшесі, Сергей Нагорняк қатысты.

Қандастардың басқосу жиынының екінші бөлігінде Киев қаласындағы «Достық» Қазақ мәдени қоғамының басшысы Данияр Егамбердиев, Харьков қаласындағы «Бірлік» қазақстандық ұлттық ҚБ басшысы Макка Қаражанова және қазақ диаспорасының өкілі Рүстем Жанғожа шеттегі қандастар атынан сөз сөйлеп, атажұртпен арадағы рухани, мәдени, экономикалық байланыстың артуына күш салатынын атап өтті.