• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 26 Мамыр, 2021

Арман Кенжеғалиев жаңа қызметке тағайындалды

403 рет
көрсетілді

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Арман Шоқанұлы Кенжеғалиев ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Арман Кенжеғалиев 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ гуманитарлық-заң университетін, «Қайнар» университетін, Шеффилд университетін бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, заңгер, мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат саласындағы магистр.

Еңбек жолын 1999 жылы коммерциялық ұйымда заңгер болып бастаған. 2002-2003 жж. «Қазпошта» АҚ «Астана почтамты» АФ құқықтық жұмыс жөніндегі бас маманы болып жұмыс істеді. 2003-2012 жж. ҚР Әділет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарды.

2012-2017 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, консультанты.

2017-2018 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары.

2018-2020 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары, директоры.

2020 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры қызметін атқарды.