Атыраулық парадзюдошы Гран При турнирінің қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 мамырда Әзербайжан Республикасының астанасы – Баку қаласында парадзюдодан Гран При турнирі басталды. Оған 38 елден 187 спортшы Паралимпиада ойындарының жолдамасын сарапқа салып жатыр.
Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, атыраулық прадзюдошы Әнуар Сариев қола жүлдені иеленген.
«Әнуар Сариев 60 келі салмақта іріктеу кезеңінде Әзербайжан мен Моңғолия балуандарынан басым түсті. Ал, жартылай финалда өзбек балуанынан ұтылып қалды. Қола жүлде үшін таласта Алжир спортшысын қапы қалдырды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.