• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2021

Медициналық ұйымдар жұмысымен танысты

603 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкіметтік делегация құрамында Шығыс Қазақстан облысына барған сапары барысында өңірдегі вакциналау барысымен, жекелеген медициналық ұйымдардың жұмысымен танысты.

Сапардың бірінші күні А.Цой Семей қаласының №6 ара­лас­ үлгідегі емханасына­ бар­ды. Емханада алғашқы медици­на­­лық-санитарлық кө­мек­ті және консультациялық-диаг­нос­тика­­лық көмекті қам­ти­тын амбу­ла­тория­лық-ем­хана­лық кө­­­мек көрсетіледі. Ме­ди­цина­лық ұйымға 44 685 мың адам тір­келген, ауысымына 400 пациент барады. Медициналық ұйым­ның құрылымында кли­ника­лық-диагностикалық зертхана, функционалдық диагнос­тика ка­би­неті, УДЗ кабинеті, DOTS те­рапия, физиотерапия кабинеті, флюо­­ро­картотека және басқалары бар.

Сонымен қатар 1 ақпаннан бастап емхана базасында вакциналау пункттері ашылды. Пункт қажетті тоңазытқыш және бар­­­лық қажетті жабдықтармен жабдықталған.

«Қысқа мерзімде Қазақстан Республикасында халықты жаппай вакциналау үшін еліміздің барлық емханалары мен ірі сау­да орталықтарында 1400 вакциналау пункті ашылды. Оның ішінде ауыл халқы үшін 300 жылжымалы медициналық кешен бар. 11 мыңнан астам медицина қызметкері вакциналау науқанына тартылды. 24 мамырдағы жағдай бойынша өңірлерде вакциналардың бірінші компонентінің шама­мен 350 мың дозасы және екін­ші компоненттің шамамен 681 мың дозасы бар. Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асы­ры­лады», деді А.Цой.

Сонымен қатар министр ал­дағы уақытта вакциналау қар­қыны азаматтардың өздерінің саналы көзқарасына, олардың жақындарының денсаулығы мен жалпыға ортақ иммунитет пайдасына дұрыс таңдалуына байланыс­ты болатынын атап өтті.

Сапардың екінші кү­ні министр «InVitro+» консуль­тативтік-диагностикалық емханасында болды. 2021 жылы салынған жаңа медициналық мекемеде зертханалық диагнос­тика және медициналық оңалту бойынша көптеген меди­циналық қызмет көр­сетіледі. «InVitro+» КДК – Семей қаласындағы ірі меди­циналық орталық, онда зертханалық диагностика, инфаркт пен инсульттан кейін оңалту, сондай-ақ урологиялық және эндокриндік ауруларды емдеу саласында мол практикалық тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді.

Бұдан әрі А.Цой ядролық медицина орталығына барды, онда қатерлі ауруларды диагностикалаудан бастап радикалды емдеуден кейін онколо­гиялық науқасты оңалтуға дейін­гі то­лық циклды кешенді мультидисциплинарлық тәсіл қол­данылады, сондай-ақ пал­лиа­тивтік көмек жүзеге асырылады.

Келесі нысан Шығыс Қа­зақ­стан облысының Аягөз ауданаралық ауруханасы болды. Аурухана толығымен қайта жаң­ғыртылып, соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен (КТ, ангиограф, оңалту жаб­дық­тары және т. б.) жабдық­талған.

Ауданаралық ауруханада тұр­ғындар инсульт, инфаркт жағдайында қажетті білікті кө­мек алады, мұнда жедел ара­ласу жүргізіледі, босану және т.б. қабыл­данады. Енді нау­қас­тарды 360 шақырым қа­шық­­тық­та орналасқан Семей қала­сына қайта жіберудің қа­жеті жоқ.

Жалпы, Денсаулық сақтау министрі ковидке қарсы іс-шара­ларды ұйымдастыру дең­гейін және жалпы халыққа меди­цина­лық көмек көрсету тәсілдерін жоға­ры бағалады.

 

Шығыс Қазақстан облысы