Синоптиктер 28 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК болжамынша, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел екпіні 25 м/с жетуі ықтимал. Сондай-ақ дауыл, бұршақ болжанады.
Түркістан облысында да дауыл, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.
Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағанды, күндіз Алматы, Атырау, Қостанай, Ақтөбе облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с дейін артады.
Маңғыстау, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады.
Сонымен қатар күндіз Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.
Синоптиктердің мәліметінше, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.