• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2021

Елордада мектеп оқушылары үшін жазғы лагерь ұйымдастырылады

878 рет
көрсетілді

Биыл балалар үшін жазғы демалыс ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» тақырыбымен ұйымдастырылады. Бұл туралы Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Имангазинова мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Балаларымыз үшін жазғы демалыс компаниясы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынған алгоритмді және балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру кезіндегі санитариялық талаптарды сақтай отырып, 1 маусым мен 30 маусым аралығында Оқушылар сарайлары жанында «Жазғы демалыс академиясының», көркем және музыкалық мектептерде, Техникалық шығармашылық орталықтарда, Арқа алаң, Арт тұмар орталықтарында үйірмелер мен секциялардың ашылуымен басталады. Бұл ретте тамақтандыру ұйымдастырылмайды», дейді.

Жазғы лагерьлер 7 маусымнан 10 тамыз аралығында өтеді. Осы аралықта әрқайсысы 10 күннен 5 маусымдық қала сыртындағы 2 лагерь ашылады. Нақтырақ айтсақ:

- 240 орындық «ARMAN» туристік-сауықтыру кешені;- 160 орындық «Боровичок» сауықтыру лагері.

Аталмыш лагерьлер Ақмола облысында, қаладан 100 км қашықтықта орналасқан.

Егер өңір қызыл аймақта болған жағдайда лагерь толымдылығы 30%-ға дейін, сары аймақта 50%-ға дейін, ал жасыл аймақта саны шектеусіз болады.