• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Үкімет 27 Мамыр, 2021

«Бәйтерек» холдингінің құрылымын дамыту стратегиясына түзету енгізілді

157 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысында Холдингтің даму стратегиясы мен құрылымын оңтайландыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бәйтерек» холдингінің 2024 жылға дейінгі түзетілген Даму стратегиясының жобасы бекітілді, оған қызметтің жаңа бағыты – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту енгізілді.

Стратегияда Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторын құру және Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкін «Отбасы банк» АҚ етіп қайта құру бөлігінде Холдингтің тұрғын үй блогы қайта қаралды. Ірі, шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау және экспорттық әлеуетін дамыту құралдары кеңейтілді, Холдингтің проактивті рөлі мен клиентке бағдарлануы күшейтілді.

Отырыста сондай-ақ 2020 жылғы жылдық қаржылық есептілік, корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары, тәуекелдерді басқару және Холдингтің ішкі бақылау мәселелері қаралды.