• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Мамыр, 2021

АҚШ-та мұнай ұңғымасына найзағай түсті

327 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Оклахома штатындағы мұнай ұңғымасына найзағай түсіп, соңы өртке ұласты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиға орнына төтенше жағдай қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жылдам келе қоймаған. Қап-қара түтін бірнеше шақырым жерге жеткен.

Елдің батысындағы Иллинойс штатында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр құйып жатыр. Үлкен су көшелер мен жолдарды шайып кеткен. АҚШ-тың Ұлттық ауа райы қызметі жай түсуі мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарды сыртта сақ болуға шақыруда.