• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Мамыр, 2021

Әділбек Мусин жүзуден Литвада өткен жарыста топ жарды

318 рет
көрсетілді

Қазақстандық спортшы Әділбек Мусин жүзуден Литвада өткен жарыста алтыннан медаль тақты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Литваның Клайпеда қаласында жүзуден лицензиялық турнир басталды. Іріктеу қорытындысы бойынша екі қазақстандық спортшы финалға өтті.

Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден 23.74 секундты көрсетіп, іріктеу қорытындысы бойынша бірінші орын алды. Анастасия Резванцева 100 метрге шалқалап жүзуден 1 минут 05.66 секундты көрсетіп, финалға жолдама алды.

Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен 21.30-да өтеді. Олимпиадаға лицензия алу үшін нормативті орындау қажеттігін еске саламыз.