• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2021

Шығыс Қазақстанда пәтер өртеніп, 13 адам эвакуацияланды

223 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданында өрт шыққан көпқабатты тұрғын үйден 5 жасар бала құтқарылып, 8 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жезкент кентіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерде өрт шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл жетті. Ең әуелі олар түтін тұмшалаған подъезден тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Барлығы 9 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Сондай-ақ өрт сөндірушілер екінші қабаттан бес жасар баланы құтқарды.

«Белгілі болғандай, пәтерде жиһаздар мен жеке заттарды қызыл жалын шарпыған. Тілсіз жаудың жалпы ауданы 13 шаршы метрді құрады. Өрттен зардап шеккен ешкім жоқ», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығуына – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болған.