• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2021

Павлодар-Семей учаскесі жүк көліктері үшін ақылы болады

184 рет
көрсетілді

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес биыл Шығыс Қазақстан облысында РФ шекарасы (Омбы) – Майқапшағай автожолының Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейінгі учаскеде (587-733 шақырым) ақылы жүйе іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жоспарының негізінде Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «QazAvtoJol» ҰК» АҚ бірлесіп төлем алудың «ашық жүйесін» енгізу туралы шешім қабылдады. Жүйенің ерекшелігі – учаскелерде шлагбаумдар болмайды. Автокөліктердің жүріп өткен жолы туралы ақпарат аркаларда орналасқан арнайы камералар арқылы тіркеледі.

«Павлодар-Семей учаскесі ІІ техникалық санаттағы автожол болғандықтан, тек жүк көліктерден ғана төлем алынатын болады. Алдағы уақытта А пунктінен Б пунктіне дейінгі маршрутты есептеу (ұзындығы мен бағасы), жол бойындағы барлық сервис нысандары көрсетілген интерактивті карта мен PUSH хабарландырулар да іске қосылады», делінген QazAvtoJol таратқан мәліметте.

Ақылы учаскеге қатысты барлық мәселелер бойынша пайдалы ақпарат беру үшін Семей қаласының шығаберісінде клиенттермен жұмыс істеу орталығы іске қосылады. Сондай-ақ 1403 нөміріндегі байланыс орталығына да хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар