• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Мамыр, 2021

Түркістан облысында табылған студенттер екі топқа бөлінгенін айтты

405 рет
көрсетілді

Түркістан облысы тауларынан табылған 3 студент құтқарушыларға екі топқа бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті туристтер екі топқа бөлінген. Бұл туралы Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Қалған төртеуінің әзірше қайда екені белгісіз.

Бұған дейін 28 мамырда аэровизуал ұшу барысында «Қазавиақұтқару» тікұшағымен Сайрам-Өгем шатқалында жоғалып кеткен жеті адамның үшеуі табылғаны хабарланған болатын. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Қалған туристерді іздеу жалғасып жатыр. 

Еске салайық, 27 мамыр күні Назарбаев университетінің баспасөз қызметі Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын.

21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шығып кеткен.