Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болды. Тағы 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таратқан хабарламада, көз жұмған адамның бірі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім екендігі айтылған.
«29 мамыр күні күндізгі сағат 13:35 шамасында Шарын шатқалында сел жүріп екі адамның мерт болғаны жөнінде хабарлама түсті. Оның біреуі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім. Зардап шеккендерге жедел түрде медициналық көмек көрсетілді», деп мәлімдеді Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қазір оқиға орнында 31 құтқарушы, 8 техника және жедел жәрдемнің 4 көлігімен 6 қызметкері жұмыс істеп жатыр.