• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Мамыр, 2021

Аттракционнан құлап, мерт болған жасөспірімнің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды

241 рет
көрсетілді

Шымкентте аттракционнан құлап, мерт болған 17 жастағы жасөспірімнің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кәмелетке толмаған баланың техносаябақта қайтыс болу фактісі бойынша Шымкент қаласының ПД әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада.