Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында 22-ге жуық адам алкогольден уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Билік орындарының мәлімдеуінше, штаттың батысындағы Алигарх қаласында болған оқиғаға байланысты алкоголь сататын бес дүкен жабылған. Олардан ішімдіктің үлгілері алынып, зертханалық сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ, қайғылы жағдайға жол бергені үшін Уттар-Прадеш штатының акциз департаментінің кейбір лауазымды тұлғалары жұмыстан шеттетілді.