• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Мамыр, 2021

Шарындағы сел: 11 жасар оқушы оқиғаның мән-жайын баяндады

296 рет
көрсетілді

Шарын шатқалында бір тәулікке жуық уақыттан соң аман-есен табылған оқушы жағдайдың қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жаңбыр жауып кетті. Сыныппен барлығымыз тығылдық. Содан кейін бұршақ жауды. Су жиналып қала берді. Біз тастардан ұсталып тұрдық. Көзімді жұмып тұрдым. Нақты не болғанын өзім де түсінбедім. Артынан тастың үстіне шығып алдым», деді аман-есен табылған оқушы қыз.

Баланың ата-анасы, атасы іздеу жұмыстарына ат салысқан барша жандарға, құтқарушыларға алғыстарын жаудырып отыр.

Естеріңіз сала кетейік, 29 мамыр күні Шарын шатқалында сел жүріп екі адам мерт болды. 6 адам зардап шегіп, бір оқушы із-түзсіз жоғалып, бүгін аман-есен табылған болатын.