Нұр-Сұлтан қаласы спорт мектептерінің балалары арасында бұқаралық веложарыс өтті. Балаларды қорғау күніне, сондай-ақ ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараға балалар мен жасөспірімдерден құралған 200-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Веложарысқа қатысушылар үш шақырым қашықтықты велосипедпен жүріп өтті. Веложарыс соңында қатысушылар арасында ұтыс ойыны ойнатылып, бағалы сыйлықтар, велосипедтер, велоспортқа қажетті құрал-жабдықтар табысталды.
Сондай-ақ «Витрина недвижимостей» ЖШС атынан номері №6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің оқушыларына велосипедке арналған бас киімдер табысталды.
Веложарыс карантин шараларын сақтай отырып ұйымдастырылды.